«ТІЛГЕ БОЙЛАУ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

2024 жылдың 18 қазан күні Тілге бойлау» жобасы аясында педагогтердің озық идеяларын тарату, жобаны жүзеге асыру мақсатында Астана қаласы әкімдігінің №3 «Күншуақ» балабақшасында тәжірибе алмасу қалалық семинар өтті. Семинар барысында педагогтер мен қазақ тілі педагогтері тілді визуализациялауға нақты 6 қадам алгоритмін, қазақ тілін үйретудегі тиімді ойындарды, Ақыл-ой дағдыларын дамытуға арналған нейро-жаттығулар көрсетті. Іс-шарада балабақша меңгерушісі Базарбаева Роза Жолаушиевна тілді меңгерудегі сыни педагогикалық әдебиеттерге шолу жасап ұйымдағы жүргізіліп жатқан жұмыстарды таныстырды. №20 «Арайлым» және №35 «Ертегі» балабақшаларының қазақ тілі педагогтері бүлдіршіндермен ұйымдастырылған іс-әрекет жүргізіп жайлауға саяхат жасады. Семинарға мектепке дейінгі ұйымның әдіскерлері және қазақ тілі педагогтері қатысты.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *