2024 жылғы 21 қазанда Астана қаласында “Күнделік.кз электронды журналын толтырудағы негізгі бөлімдер” тақырыбында қалалық вебинар өтті. Бұл вебинар білім беру ұйымдарының мұғалімдері мен әкімшілік қызметкерлеріне арналып, электронды журналды дұрыс толтыру және пайдалану бойынша практикалық ұсыныстарды қамтыды.
Вебинарда “Күнделік.кз” жүйесіндегі негізгі бөлімдерді толтырудың маңыздылығы, бағалау мен оқушылардың оқу жетістіктерін тіркеу ережелері, сонымен қатар педагогикалық үрдістерді тиімді басқару мәселелері қаралды. Спикерлер жүйенің интерфейсін қолдану, деректердің дұрыстығын қамтамасыз ету және электронды журнал арқылы оқушылардың үлгерімін қадағалау тәсілдері туралы егжей-тегжейлі баяндады. Вебинарға қатысушылар сұрақтар қойып, өз тәжірибелерімен бөлісуге мүмкіндік алды.