Әдістемелік орталықтың ТжКББ бөлімі 2024 жылдың 2 – 11 қазаны аралығында «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында қазақ тілін оқытудың үздік әдістемесі» республикалық байқауының қалалық кезеңін өткізді.
Байқаудың мақсаты – ТжКББ ұйымдарындағы мемлекеттік тілде оқымайтын студенттерге қазақ тілін оқытудың үздік әдістемесін анықтау, жинақтау және тарату.
Байқауға авторлық оқыту әдістемесінің теориялық және практикалық құралдарын ашатын және студенттерді мемлекеттік тілді үйренуге ынталандыратын бейне сабақтар, әртүрлі шығармашылық және практикалық тапсырмалар жиынтығы ұсынылды.
Барлық байқауға қатысушыларға «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында қазақ тілін оқытудың үздік әдістемесі» байқауының қалалық кезеңіне қатысу сертификаттары табысталды.
Қорытынды бойынша, байқаудың Республикалық кезеңіне, ең жоғары ұпай жинаған Технологиялық колледждің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы М.Ж. Елеушова қатысады.
Байқауға қатысушылардың пікірлерінше, байқау оқытушылардың кәсіби деңгейін көтеруге мүмкіндік береді, өз білімін жүйелі арттыруға және стандартты емес педагогикалық идеяларды іздеуге ынталандырады.