2024 жылғы 17 қазанда «Astana IT University» ЖШС колледжі базасында Астана қаласы колледждерінің оқытушыларына «Цифрлық технологиялар құралдарын колледж студенттерін оқыту үдерісінде пайдалану» тақырыбында оқыту шебер-сыныптары өткізілді.
Іс-шараның теориялық бөлімін «Astana IT University» ЖШС колледжінің директоры Смаилов Д.Н., техникалық ғылымдар магистрі, докторант, Аstana IT University сеньор-лекторы Сейтенов А.С. бастап, спикерлер білім берудегі ақпараттық технологиялардың рөліне, білім беруде жасанды интеллектті пайдаланудың техникалық және этикалық мәселелеріне, киберқауіпсіздік мәселелеріне тоқталды.
Шеберлік сабақтарында колледж оқытушылары Далелова Г.С., Жанбаева Д.М., Жолдықараева Е.Б., Карипжанова А.З., Джиеналиев Е.Қ., Тасибек Б.Т. сабақта цифрлық технологияларды қолдану тәжірибесімен бөлісті, жасанды интеллект құралдарын, 3D модельдеуді қолдану жолдарын және презентация жасаудың заманауи үлгілерін көрсетті. IT саласы мамандықтарын дайындайтын арнайы пән оқытушылары үшін колледждің арнайы пән оқытушылары А.К.Танжарбаева, С.А.Белгібаева, Д.Ауезханов және Н.В.Мартынцов GitHub платформасын сабақта бағдарламалауда, АІ қолдану арқылы студенттердің негізгі цифрлық дағдылары мен құзыреттерін дамытудың тиімді жолдарын және бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеудегі мүмкіндіктер мен бизнес әдіснамасын көрсетті.
Оқыту шебер-сыныптарына Астана қаласы колледждерінен 50-ден астам оқытушы қатысты.