2024 жылдың 17 қазанында Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК, Үздіксіз білім беру бөлімінің жоспарына сәйкес «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында педагогтердің біліктілігін арттыру жұмыстарын тиімді ұйымдастыру» тақырыбында оқыту семинары өтті.
Семинардың мақсаты – педагогтердің кәсіби шеберлігін, зерттеушілік, зияткерлік және шығармашылық деңгейін үздіксіз жетілдіруде әдістемелік қолдау көрсету.
Оқыту семинарына техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары директорының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарлары мен әдіскерлер қатысты.
Семинар барысында біліктілікті арттыру және педагогтің қызметін курстан кейінгі қолдау шараларын ұйымдастыру мәселесі қарастырылды.
Семинар қатысушылары сауалнамаға қатысып, кері байланыс қалдырды. Олар іс-шараның өзектілігін атап өтіп, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.
Іс-шараға 40 адам қатысты.