«Жас Лидер Академиясы» жобасы

2024 жылғы 17 қазан күні  Б. Өтемұратов қорының өкілдері «Жас Лидер Академиясы» жобасы аясында Әдістемелік орталық мамандары, Астана қаласының білім беру ұйымдары басшыларымен кездесті.  

«Жас Лидер Академиясы» жобасы 2023-2024 оқу жылынан бастап жүргізіліп келеді. Биылғы оқу жылында жоба 22 мектепте іске асырылып, арнайы тренерлерді даярлау курсынан өткен 49 мұғалім, 1524 оқушы қатысуда.  

Жобаның негізгі мақсаты – 5-11 сыныптың білім алушыларына көшбасшылық қасиеттер мен икемді дағдыларды (soft skills), сондай-ақ оқушыларды қарым-қатынас негіздеріне, сыни тұрғыдан ойлауға, көпшілік алдында сөйлеу және келіссөздер жүргізу дағдыларын тиімді пайдалануға үйрету болып табылады. 

Жоба аясында факультативтік сабақтар, ай сайынғы кездесулер, шеберлік сыныптары, танымал тұлғалардың қатысуымен көшбасшылықты дамытуға арналған тренингтер, конференциялар жоспарланған. 

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *