2024 жылдың 16 қазан күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК қазан айының жоспарына сәйкес № 101 орта мектеп кітапханасында ағылшын тілі ұстаздарына 2024-2025 оқу жылында орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері жөнінде ағылшын тілі пәнінің қауымдастық отырысы болды.
Әдістемелік орталықтың әдіскері Амирова Алтынай Бекпайқызы отырысты бастап, «Бір факт пен бір жаңалық» әдісі арқылы қауымдастық топқа жаңадан қосылған педагогтерді таныстырды. Сонымен қоса, 2024-2025 оқу жылының жоспары талқыланып, сол бойынша жұмыс бағыт бағдар анықталды.
Қауымдастық отырыс барысында қауымдастық көшбасшысы №73 мектеп-лицейінің педагог-шебері Булебаева Алма Қанатқызы 2023-2024 жыл атқарылған жұмыс туралы есеп берді. Жоспарланған іс-шаралар туралы қауымдастық мүшелерімен бөлісті.
Отырыстың келесі бөлімінде шығармашылық топтың жетекшісі, №111 орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі Тымбаева Гүлнар Алтынбекқызы педагогтерді екі топқа бөліп, тимбилдингке бағытталған тренинг өткізді.
Қауымдастық отырыс соңында Амирова Алтынай Бекпайқызы «ұстаз болу жауапкершілік, үлкен мәртебе» – сол жауапкершілікті абыроймен алып жүруді, жұмыла жұмыс жасауға, шығармашылық топқа алғысын айтып, алдағы уақытта тығыз жұмыс жасап, жетістікке жетуге шақырды. Ұстаздардан қауымдастық отырыс туралы кері байлыс алынды. Топ мүшелері өз ойларымен бөлісті.