2024 жылғы 15 қазанда «Томирис» медициналық колледжі базасында Астана қаласы колледждерінің оқытушылары үшін «Білім беру ортасындағы денсаулық сақтау технологияларының тиімділігі» тақырыбында семинар-практикум өткізілді.
Іс-шараның теориялық бөлімінде Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің әдіскері Есенбекова А.Е. және Жоғары медициналық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Амантаева Т.Ш. денсаулық сақтау технологияларының білім алушылардың ойлау және танымдық қабілеттеріне әсерінің ғылыми және теориялық негіздеріне тоқталды.
Техникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Каленова И.А. және Сервис және туризм колледжінің өндірістік оқыту шебері Хижинская А.А. сабақ өткізу барысында денсаулықты сақтаудың тиімді технологияларын қолдану тәжірибесімен бөлісті, бейнематериалдар ұсынды және интерактивті формада әр түрлі дене шынықтыру жаттығулары мен ойындарын өткізді.
Іс-шара соңында Жоғары көлік және коммуникация колледжі психологі Универқызы Ғ., «Томирис» медициналық колледжінің психологі Костанова Ж.С., «Жас Толқын» ЖДО №3 қалалық емханасының психологі Ильяшова Д.Ж. қатысушылармен психологиялық денсаулықты сақтау және оқушылардың деструктивті мінез-құлқының алдын алу бойынша қызықты және танымдық тренингтер өткізді.
Семинарға 50-ден астам адам қатысты.