Өзгерістерден ізденіске дейін

Бүгін, 10 қазан күні, Әдістемелік орталықта «Өзгерістерден ізденіске дейін» зерттеу тобының 1-ші топ мүшелері бас қосты. Күрделі оқу мақсаттары мен қалыптастырушы, БЖБ, ТЖБ тапсырмаларын құрастыру мақсатында топ жетекшіміз Амангүл Примжарқызы өз тәжірибесі бойынша тапсырма құрастырудың әдіс-тәсілдерін ұсынып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Амангүл ұстаздың жетекшілігімен жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныптың қазақ әдебиеті пәнінен О. Бөкейдің «Атау кере» әңгімесі мен «Дала, сенің ұлыңмын» өлеңі негізінде қалыптастырушы, БЖБ, ТЖБ тапсырмаларын құрастырды. Топпен жұмыс жасау барысында күрделі мақсаттармен жұмыс жасау өте қызықты болды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *