2024 жылдың 08 қазан күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығының» ұйымдастыруымен «Ш.Айманов атындағы№20 орта мектеп» КММ әдістемелік күн өтті.
Әдістемелік күн барысында педагогтерге сабақты тиімді жоспарлау, БЖБ, ТБЖ спецификациясы, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасына негізделген құндылықтарды сабақтарға кіріктіру, функционалдық сауаттылық бойынша тапсырмаларды даярлау және сабақта қолданылуы, мұғалімнің жеке даму жоспарының критерийлері мен перспективасы, сабаққа қойылатын талаптар, іс – әрекеттегі зерттеуді ұйымдастыру бойынша әдістемелік көмектер берілді, пән бойынша сабақтарға қатысып, кері байланыс берілді.
Мектеп әкімшілігінің сұранысы негізінде жұмыс барысында қолданылатын білім берудегі нормативтік-құқықтық құжаттар бойынша, мектепішілік бақылау, мектептің даму бағдарламасы, мектептің оқу-тәрбие жұмысының жылдық жоспарын әзірлеуге әдістемелік сүйемелдеу көрсетілді.
Әдістемелік іс-шара қорытындысында педагогтердің сұрақтарына толық жауаптар беріліп, ұсыныстары тыңдалды.