2024 жылғы 3 қазанда Астана Халықаралық университетінің Педагогикалық колледжі базасында директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарлары, әдіскерлер және циклдік әдістемелік комиссиялардың төрағалары үшін «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында әдістемелік жұмысты тиімді ұйымдастыру» атты нұсқаулық-әдістемелік семинар өткізілді.
Семинарда Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің әдіскерлері Н.С. Исина мен Ж.Т. Мылтыкбаева қолданыстағы нормативтік құжаттамаға сәйкес әдістемелік кабинеттің жұмысын ұйымдастыру, педагогтердің әдістемелік қызметін жетілдіру және педагогикалық шеберлікті арттыру, жас педагогтермен әдістемелік жұмыс бойынша ұсыныстар берді және колледж педагогтерінің озық педагогикалық тәжірибесін жинақтаудың тиімді жолдарын көрсетті.
Аталған іс-шарада Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің арнайы пәндер оқытушылары А.Д. Нурманова мен Н.В. Есиповская инновациялық жобалар мен эксперименттік алаңдарды енгізу және іске асыру бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті, ал Астана Халықаралық университетінің Педагогикалық колледжінің оқытушылары А.И. Хасенова, А.Ж. Болатова, А.А. Хасенова колледждің әдістемелік кабинетінің жұмысын көрсетті.
Семинарға 50-ден астам адам қатысты.