Effective planning is the key to a successful lesson

2024 жылдың 25 қыркүйек күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ақпан айының жоспарына сәйкес  Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің “American corner” кітапханасында  ағылшын тілі пәнінің жас мамандардың 2024-2025 оқу жылында орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері мен оны жүзеге асыру бойынша кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында «Effective planning is the key to a successful lesson» тақырыбында қалалық семинар өтті.

№6 гимназиясының ағылшын тілі пәнінің  мұғалімдері  семинардың  тәжірибелік бөлімінде  Шестак Е.С., Кан Л.Ю., Республикалық физика-математика мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Орманшина К.Т., Темірбек Жүргенов атындағы №70 мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Айтжанова С.О., Ақжан Әл-Машани атындағы №92 мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Долдай А. өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар барысында №6 гимназиясының ағылшын тілі пәнінің  мұғалімі Кан Л.Ю және Темірбек Жүргенов атындағы №70 мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Айтжанова С.О. өз тақырыптары бойынша шебер сынып өткізді.

Кері байланыс кезінде педагогтер тәжірибе алмасқан мұғалімдермен ашық, нақты кері байланысқа түсіп, әдістемелік қоржындарына замануи әдіс-тәсілдермен, іс-тәжірибеге толы мол ақпарат алды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған