«Zertte» журналына мақала қабылдау

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК «Zertte» республикалық педагогикалық ғылыми-зерттеу журналының 4-шығарылымына мақала қабылдау басталғанын хабарлайды. Тақырыбы: «Білім алушылардың әл-ауқаты». «Әл-ауқат» ұғымы. Педагогтің әл-ауқаты: психологиялық жай-күйі, кәсіби шаршаудың алдын алу, қолайлы орта. Мектеп жасындағы балалардың әл-ауқат мәселелері. Мектеп жасындағы балалардың психологиялық жай-күйінің ерекшеліктері. Мектеп окушыларының әлеуметтік-эмоционалдық әл-ауқаты. «Zertte» республикалық педагогикалық ғылыми-зерттеу журналы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің 2024 жылғы 20 мамырдағы №20-1-20-7/3360-И хатына сәйкес 2024 жылы үздік педагогикалық тәжірибені жариялау үшін ұсынылған басылымдар тізіміне енгізілген, аттестаттауға жарамды. Мақалалар 24.11.2024 ж. дейін қабылданады, тегін жарияланады. «Zertte» журналында мақала жариялауға өтініш беру үшін https://astana-modern.edu.kz/?page_id=14547 сілтемесі бойынша өтіп, ережемен танысу қажет.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *