2024 жылғы 20 қыркүйек күні Ө. Жәнібеков атындағы №11 мектеп-лицейде Астана қаласы Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Мінсіз ата-ана мектебі: біздің бірінші сыныптағы баламыз» тақырыбында қалалық оқыту семинары өтті.
Семинардың мақсаты: Отбасында балаға жақсы тәрбие беруге ықпал ету, ата-аналар арасында бала тәрбиесіндегі жауапкершілікті арттыру, ата-ана, оқушы, мұғалім арасындағы ынтымақтасытықты күшейту.
Әдістемелік орталықтың әдіскерлері: Әзімбай Н.К. «Баламның бойындағы жақсы қасиеттер» және Бекжанова А.А «10+5+1» әдісі туралы ой бөлісіп, тәжірибелік жұмыс көрсетті.
Республикалық психологиялық әдістер мен тренингтердің авторы Сембаева А.Б. «Баламен бірге 1-сыныпқа» тақырыбында тренинг өткізді.
№11 мектеп-лицейінен Калабаева Э.М. «Бала ата-ананың өмірінің жалғасы» коучинг және №74 мектеп-гимназиясынан Туркестанова Л.У. «Тәліммен өрілген біздің дәстүр» шебер-сынып көрсетіп, іс-тәжірибесімен бөлісті.
№10 мектеп-гимназиядан Шаханбаева К.М. мен №8 мектеп-лицейдің Туретбаева Н.А бастауыш сынып мұғалімдері «Оқу мен тәрбие – егіз» тақырыбында тренинг өткізді.
Оқыту семинарға 160 педагог, 20 ата-ана қатысты.
Семинар соңында сөз алған қатысушылар семинардың өте жоғары деңгейден өткенін айтып, Әдістемелік орталықтың әдіскерлеріне алғыстарын білдірді.