Астана қаласындағы ТжКББ  қызметін ұйымдастырудың әдістемелік тәсілдері

2024 жылдың  17 қыркүйек  күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК-ның  ТжКББ бөлімінің әдіскерлері директордың оқу және  оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарлары мен колледж әдіскерлеріне арналған  «Астана қаласындағы ТжКББ  қызметін ұйымдастырудың әдістемелік тәсілдері» тақырыбында нұсқаулық-әдістемелік семинар өткізді.

Семинарда «Талап» КЕАҚ Әдістеме және мазмұн бөлімінің бас менеджері Ж.Б.Садуақасова «Астана қаласының ТжКББ бағдарламаларының тізілімін жүргізу мониторингінің нәтижелері туралы» ақпарат берді, ТжКББ бөлім басшысы  Алишева И.С.  «2024-2025 оқу жылында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктері» баяндамасымен сөз сойледі.

ТжКББ бөлімінің  әдіскерлері Исина Н.С., Есенбекова А.Е., Мылтыкбаева Ж.Т. мен ТжКББ  бөлімінің 2023-2024 жылдардағы қызметіне талдау жасап, өткен оқу жылында колледж оқытушыларымен әдістемелік іс-шаралар жүргізген туралы, аттестациядан өтетін  колледж  педагогтерінің  жұмыс тәжірибесін қорытындылайтын материалдарға сараптама жасалды.

Іс-шараның  сонында  оқу-әдістемелік құжаттаманы дайындау және педагогикалық процесті ұйымдастыру бойынша өзекті мәселелер талқыланып, әдістемелік семинардың қорытындысы шығарылып, оқу процесін ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша әдістемелік ұсыныстар берілді..

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған