2024 жылғы 17 қыркүйек күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығының» ұйымдастыруымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған № 106 орта мектебінде әдістемелік күн өтті.
Әдістемелік күн барысында педагогтерге сабақты тиімді жоспарлау,
БЖБ, ТБЖ спецификациясы, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасына негізделген құндылықтарды сабақтарға кіріктіру, функционалдық сауаттылық бойынша тапсырмаларды даярлау және сабақта қолданылуы, мұғалімнің жеке даму жоспарының критерийлері мен перспективасы, сабаққа қойылатын талаптар, іс – әрекеттегі зерттеуді ұйымдастыру бойынша әдістемелік көмектер берілді.
Мектеп әкімшілігінің сұранысы негізінде жұмыс барысында қолданылатын білім берудегі нормативтік-құқықтық құжаттар бойынша, мектепішілік бақылау, мектептің даму бағдарламасы, мектептің оқу-тәрбие жұмысының жылдық жоспарын әзірлеуге әдістемелік сүйемелдеу көрсетілді.
Әдістемелік іс-шара қорытындысында педагогтердің сұрақтарына толық жауаптар беріліп, ұсыныстары тыңдалды.