«Жас мамандардың педагогикалық кәсіптік шеберлігін арттыру» қалалық оқыту семинары

        Астана қаласы Әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес «Жас мамандардың педагогикалық кәсіптік шеберлігін арттыру» тақырыбында  химия және биология пәндерінің жас мамандарына қалалық оқыту семинары өткізілді.

         Әдістемелік орталықтың әдіскері Ш.Шакирова   жас мамандарға қатысты нормативтік-құқықтық құжаттармен  таныстырды және жоспарлаудың негізгі түрлеріне тоқталды. № 62 мектеп-лицейінің биология пәні мұғалімі А.Дуйсеева «БЖБ, ТЖБ тапсырмаларын құрастыру, жасау үлгілері және өткізу. Қалыптастырушы бағалаудың жүргізілуі» туралы  айтып берді.

       Ы.Алтынсарин атындағы «Binom school»  мектеп лицейінің химия пәні мұғалімі Ш.Қоянбаева химия пәнінің жас мамандарына «Химия сабақтарында практикалық жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу және бағалау бойынша іс тәжірибесімен бөлісіп, «Ион алмасу реакциялары»  тақырыбында  практикалық сабақ өткізді. Ш.Мұқашева, А,Алиева  биология пәнінің жас мамандарына  «Биология сабақтарында зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу, бағалау» тақырыбында іс тәжірибелерімен бөлісіп, «Сүйектің макро және микроскопиялық құрылысы. Сүйектің химиялық құрамы» тақырыбы бойынша зертханалық сабақ өткізді.

          С.Сағатбекова, Г.Сембаева, Ж.Ерпейсова, И.Қуанышева «Жас мамандар үшін командалық жұмыстың тиімділігі, ортаға бейімделу» тренингі, «Кедергілерді жеңу» жаттығуы, «Ғажайып үштік» тренингісін өткізді.

        Семинар соңында жас мамандар өзара пікір алмасып, сұрақтарына жауап алды. Семинар нәтижесінде жас мамандардың білім деңгейлері мен тәжірибелері артты.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *