«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында  №5 «Ақбота» балабақшасында шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасу мақсатында іс-шара өтті

Бұл «Алаңдағы бестемше» ұлттық ойынына негізделді.Іс-шара барысында Түркия мемлекеті Ақыл-ой ойындары Конфедерациясы төрағасы, Мангала федерациясы Президенті Рауф Өзген және «Тоғызқұмалақ Зияткерлік Қауымдастығы» РҚБ-і Вице-президенті Шотаев Мақсат Есенбекұлымен зияткерлік ойындарды, соның ішінде   балбақшаның авторлық ойыны – «Алаңдағы бестемше» командалық ұлттық ойынын насихаттау мақсатында меморандумға қол қойды. Сондай-ақ «Әкелер мектебінің» жұмыстары, «Ұлттық ойындар» жобасы шеңберіндегі «Шабандоз», «Бала мерген», «Алаңдағы бестемше» ойындарынан шеберлік сағаты өтті.
       
Аталған шара қазақ халқының рухани құндылықтарын сақтап, оларды келешек ұрпаққа жеткізуге бағытталған ауқымды жұмысының нәтижесін көрсетті.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған