2024 жылдың 11 қыркүйек күні Астана қаласының «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспарға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің нормативтік құқықтық актілеріне енгізілген өзгерістерді түсіндіру бойынша Астана қаласының білім беру ұйымдарындағы директордың инклюзивті білім беру бойынша жауапты оқу жұмысы жөніндегі орынбасарларына жиын өткізді.
Жиынның мақсаты: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 4 және № 6 бұйрықтарына енгізілген өзгерістерді талқылау.
Білім беру ұйымдарында ұлттық білім беру дерекқорына инклюзивті білім беру көрсеткіштерін сапалы толтыру жөнінде ақпараттар берілді. Жиын барысында мектептермен инклюзивті білім беру бойынша жүргізілетін бағдарламалары мен жобалары таныстырылды. Жиынға қатысқан мектеп басшыларының инклюзивті білім беру бойынша жауапты оқу жұмысы жөніндегі орынбасарларының педагогикалық тәжірибелер мен жетістіктер туралы ойлар мен ұсыныстары ортаға салынды. Жиын қорытындысы бойынша, болашақта осы мәселелер бойынша жұмысты жалғастыру, инклюзивті білім беру жұмысының сапасын арттыру және тиімділігін одан әрі дамыту бойынша нақты ұсыныстар мен іс-шаралар жоспары қабылданды.