Оқу жұмыс жоспарын құру бойынша әдістемелік сүйемелдеу жүргізілді

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына 2024-2025 оқу жылына арналған тәрбиелеу-білім беру процесінің оқу жұмыс жоспарын құру бойынша әдістемелік сүйемелдеу жүргізді.

Мемлекеттік балабақшалар үшін 2-3 қыркүйек, жекеменшік балабақшалар үшін 4-6 қыркүйек күндері мобильді топ

Алматы ауданы:№67 «Шұғыла» балабақшасында;

Сарыарқа ауданы: №58 «Өркен» балабақшасында;

Есіл, Нұра аудандары: №54 «Нұр-ай» балабақшасында;

Байқоңыр ауданы: №1 «Бәйтерек» балабақшасында әдістемелік көмек көрсетуде.

Арнайы топтар, арнайы балабақшалар мен жалпы білім беру топтары бар балабақшалар үшін түсіндіру жүргізіліп, әдіскерлер өз сұрақтарына жауап алды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған