МЕМЛЕКЕТТІК АТТЕСТАЦИЯДАН ӨТЕТІН ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТТІ

2024 жылғы 28 тамыз күні Астана қаласы Білім басқармасы және Әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен  білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкестігін бақылау мақсатында жүзеге асырылатын рәсім бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара барысында Жүсіпқалиева Гүлжиян Қайдарқызы, ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің бас сарапшысы, Құттыбай Үміт Мархабайқызы, ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің бас сарапшысы, Бекимова Кенжегул Тукеновна, Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы қатысып, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 486 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары» бойынша түсіндіріп өтті.

Іс-шараға, мемлеттік аттестациядан өтетін мемлекеттік және жекеменшік білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *