2024 жылдың 22-23 тамыз күндері №12 орта мектепте «Нысаналы мектеп» жобасы аясында «Нейробика» және «Педагогтердің кәсіби күюінің алдын алу» тақырыбында курс өтілді. Курсты Әдістемелік орталықтың тәрбие бөлімі әдіскері Сембаева Асем Болатовна жүргізді.
«Нейробика» тренингі балалардың миының жұмысын қосымша жаттығулар арқылы ынталандыру, түрлі нейрожаттығулармен мида жаңа нейрондық байланыстардың пайда болуына әсер ету, сонымен қатар, осы нейрожаттығуларды сабақ барысында пайдаланып, миға түсетін жүктемені азайту арқылы, педагогтер өз сабақтарын оқушыларға одан да қызықты ете алады. Нейрожаттығуларды ұзақ мерзімде пайдалану білім сапасына да жанама түрде әсер етеді.
«Педагогтердің кәсіби күюінің алдын алу» тренингі педагогтердің эмоционалды көңіл-күйін күйзелуден сақтандыру, моральдық шаршамауы және күйзелу салдарынан кәсіби тұрғыда өзін-өзі бағалау көрсеткіштерінің төмендемеуі мақсатында жүргізілді.
Адамның эмоционалды жағдайы оның өзін бақытты сезінуіне тікелей әсер етеді. Бақытты педагог бақытты оқушы тәрбиелейді.
Екі күн өтілген курсқа 30 педагог қатысты. Курс соңында педагогтер алған әсерлерімен ой бөлісіп, кері байланыстарын берді.