«АБАЙ АМАНАТЫ — ҚАЗАҚҚА АМАНАТ» Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай балабақша тәрбиеленушілері мен педагогтері арасындағы мерекелік іс-шара

2024 жылдың 9 тамыз күні Астана қаласының Білім басқармасы және Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ұйымдастыруымен №79 «Шабыт» балабақшасында Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы қарсаңында «Абай аманаты – қазаққа аманат» атты мерекелік іс-шара өтті.

Іс-шара мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың бойына Ұлы ақынның баға жетпес мол мұрасын санасына сіңіру және өскелең ұрпақтың ұлттық рухы мен патриоттық сезімдерін ояту.

Шара барысында Абай өмірінен қойылым қойылып, балабақша тәрбиеленушілеріне «Әжелер мектебі» жұмысы аясында Абайдың мысалдары оқылып көлеңкелі театр ұйымдастырылды. Сонымен қатар, «Абай әлемі» атты көрме жұмысы ұйымдастырылып, балабақша тәрбиеленушілерімен «Ұлттық ойын жаршысы», «Бестемше» ұлттық ойындар жарысы өткізілді. Балабақша тәрбиеленушілері Абай Құнанбайұлының өлеңдерін оқып, педагогтері Абай өмірі мен шығармашылығынан зияткерлік сайысқа түсті.

Абай Құнанбаев қазақ поэзиясындағы шоқтығы биік дара да, дана тұлға. Абай қазақ поэзиясының өсіп, гүлденіп, жаңа сапаға жетуіне орасан зор еңбек етті. Ақын жас ұрпаққа терең ойға толы алуан өлеңдер үлгісін қалдырды. Аталған іс-шара барлық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жалғастырылмақ.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *