«Абай дана, Абай дара қазақта»

Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына және 10-тамыздағы Абай күніне орай №49 «Алтынай» балабақшасында «Абай дана, Абай дара қазақта» атты балабақша тәрбиеленушілері мен педагогтері арасында мерекелік іс-шара өтті.

Іс-шара барысында поэзиялық кеш, театрландырылған қойылым,сурет пен кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Мақсаты жас ұрпақты ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаевтың шығармаларымен кеңінен таныстыру, ақынның өлеңдері мен қарасөздерін оқыту арқылы адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа, мейірімді, адал болуға, адамгершілікке, жаман әдеттерден бойларын алыс ұстауға тәрбиелеу.

Кітап көрмесіне Абайдың өмірі мен шығармашылығы, еңбектері мен танымал тұлғалардың ақын туралы жазылған мақалалары ұсынылды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған