«Нейробика» бойынша педагогтермен қорытынды кездесу

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК қаламыздың орта білім беру ұйымдары педагогтеріне 2024 жылдың қаңтар-мамыр айларында «Нейробика» семинар-тренингтерін өткізген болатын.

Бұл семинар-тренингтің мақсаты балалардың миының жұмысын қосымша жаттығулар арқылы ынталандыру, түрлі нейрожаттығулармен мида жаңа нейрондық байланыстардың пайда болуына әсер ету, сонымен қатар, осы нейрожаттығуларды сабақ барысында пайдаланып, миға түсетін жүктемені азайту арқылы, педагогтер өз сабақтарын оқушыларға одан да қызықты ете алады. Нейрожаттығуларды ұзақ мерзімде пайдалану білім сапасына да жанама түрде әсер етеді.

2024 жылдың қаңтар-мамыр айларында «Нейробика» семинар-тренингтеріне қаламыздың 37 мектебінен 136 ұстаз қатысты. Оның ішінде 12 мектептен 25 ұстазға сабақ барысына нейрожаттығуларды енгізу жұмыстарын табысты атқарғаны үшін 2024 жылдың 14 маусымындаАлғыс хаттар табысталды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *