2024 жылғы 22-24 шілде аралығында «Global Scholars» халықаралық жоба аясында Америка Құрама Штаты, Вашингтон қаласы, Колумбия округінде «Global Cities, Inc», штаб-пәтері Нью-Йорк қаласында орналасқан коммерциялық емес ұйымның, АҚШ-тың ең ірі қайырымдылық қорларының бірі «Bloomberg Philanthropies-тің қолдауымен бағдарламаның жүзеге асырылғанына 10 жыл толуына байланысты халықаралық конференция өткізілді.
Халықаралық конференцияға 72 елден 150-ден астам делегат, сонымен қатар Мадрид, Барселона, Каталония, Испания Білім министрлігінің өкілдері, Джон Хопинкс, Остиндегі Техасғ Колумбия, Гарвард университеттерінің профессорлары қатысты.
Конференция Джонс Хопкинс Университеті, Блумберг орталығында және Хиллтон Белмонт базасында өтті.
Конференцияға: Астана қаласынан-12, Түркістан қаласынан-2, Қостанай қаласынан-2, Назарбаев зияткерлік мектептерден – 5 педагог қатысты.
Конференция жұмысын «Global Cities, Inc» президенті және негізін қалаушы Маржори Тивен құттықтау сөзбен ашты.
Панельдік сессияда Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық академияның президенті Мадина Тыныбаева Қазақстанда жаһандық құзыреттілікті дамыту бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
Workschop-та мұғалімдер жаһандық қалалардың оқу бағдарламаларын, электронды сыныптардағы жұмыс бойынша, кодтық кітап арқылы бағдарламаны жоспарлау мен оқытуды талқылады.
Конференция соңында қатысушылар басқа елдердегі әріптестермен жұмыс тәжірибесімен бөлісті және бағдарламаның болашақтағы дамуын талқылады.