«1000 мектепке әдістемелік көмек» жобасы аясындағы жұмыстар қорытындыланды

2024 жылғы 11 маусым күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығының» ұйымдастыруымен № 59 мектеп – лицейі базасында ««1000 мектепке әдістемелік көмек» жобасы:тиімді тәжірибе мен ізденіс» тақырыбында қалалық тәжірибелік семинар өтті.

Семинар жұмысына Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Мелдебекова М.Т. қатысты.

Семинар барысында «Талдау және мониторинг» бөлімінің басшысы А. Досмұхамет жоба аясында атқарылған жұмыстарды қорытындылады. Сонымен қатар, №72 мектеп-лицейінің, №77 мектеп–гимназия директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасарлары білім сапасын арттырудағы жұмыс тәжірибелерімен бөлісіп, жаңа оқу жылына жоспарлар пысықталды.

Семинар қорытындысында «Әдістемелік орталық» басшысының орынбасары Мухамеджанова А.К. жобаға қатысқан 43 мектеп директорларына Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің сертификаттарын табыстады

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған