2024 жылдың 11 маусымы күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК, ТжКББ бөлімінің жоспарына сәйкес Астана қаласы мектептерінің 10-11 сынып оқушылары үшін жұмысшы біліктіліктері бойынша эксперименттік білім беру бағдарламаларын енгізуге қатысты онлайн режимінде дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның мақсаты: республикалық эксперименттік білім беру бағдарламасын жүзеге асыру барысында мектептердің 10-11 сынып оқушыларының кәсіптік модульдерді игеру деңгейін анықтау, алаң жұмысының тәжірибесімен бөлісу.
Дөңгелек үстел барысында Кәсіптік-техникалық колледж, Сервис және туризм колледжі, Техникалық колледжінің педагогтері 2023-2024 оқу жылында енгізілген білім беру бағдарламаларының жүзеге асырылуы және қол жеткізген нәтижелері жөнінде іс-тәжірибелерімен бөлісті.