Тәжірибені тарату

2024 жылғы 6 маусым күні Астана қаласының педагогтері өзара тәжірибе алмасу мақсатында Педагогикалық республикалық, облыстық оқу-әдістемелік бірлестігімен ұсынылған авторлық материалдар негізінде тәжірибені тарату вебинарын Маңғыстау облысының педагогтерімен өткізді.

Шара соңында қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, вебинар спикерлеріне алғыстарын білдірді. Маңғыстау облысының Білім берудің оқу-әдістемелік орталығына ынтымақтастықтары үшін алғыс білдіреміз.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған