Пәндік біліктілік тестілеуге дайындау пен стратегиялық біліктілікті арттыру

Астана қаласы, Әдістемелік орталықтың жұмыс жоспарына сәйкес 2024 жылдың 28-29 мамыр күндері биология пәнінен №96 мектеп-гимназия, 3-4 маусым күндері химия пәнінен №73 мектеп-лицей базасында «Пәндік біліктілік тестілеуге дайындау пен стратегиялық біліктілікті арттыру» тақырыбында биология және химия пәні педагогтеріне қалалық оқыту семинары өтті.

Пән педагогтеріне арналған I қалалық олимпиаданың жеңімпаздары Қасымова Лазим Талғатқызы және Өмірұзақ Қанат оқыту семинарын өткізді. Қиын сұрақтар мен есептерге кеңірек тоқталып, түсіндірді. Тапсырмаларды педагогтермен бірлесе отырып талдады, шығарды.

Рефлексия барысында педагогтер оқыту семинарының маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтіп, шараны ұйымдастырушы Шарипа Химановна мен тәжірибесімен бөліскен Лазим Талғатқызына және Өмірұзақ Қанатқа алғыстарын білдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған