Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында әдістемелік жұмысты тиімді ұйымдастыру

2024 жылдың 4 маусымы күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ТжКББ бөлімінің әдіскерлері тарапынан Астана қаласы әкімдігінің «Сервис және туризм колледжі» ШЖҚ МКК және «URBAN COLLEGE» ЖШС-інде әдістемелік десанттар өткізілді.

Әдістемелік десанттар аясында колледждердің педагогикалық ұжымдарына арналған «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында әдістемелік жұмысты тиімді ұйымдастыру» тақырыбындағы семинар-практикумдар ұйымдастырылды. Семинар-практикум барысында заманауи сабақты қызықты өткізудің тиімді жолдары талқыланып, әдіскерлер тарапынан педагогикалық технологияларды қолдану бойынша әдістемелік ұсыныстар берілді.

Колледждердің педагогтері авторлық бағдарламаларды құрастыру, дайын жобаларды қалалық ғылыми-әдістемелік кеңеске тапсыру, сонымен қатар ТЖКББ ұйымдары педагогтерінің аттестатталуы мәселесі бойынша толық ақпарат алды.

Колледждердің педагогикалық ұжымдары әдістемелік десанттарда талқыланған мәселелердің өзектілігі мен тиімділігін атап өтіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Әдістемелік десанттар жұмысына 70-тен аса Астана қаласының ТжКББ ұйымдарының педагогтері қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған