Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтті.

2024 жылдың 4 маусым күні Астана қаласының Білім басқармасы және Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтті. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бас ғимараты алдындағы Ұстаздар аллеясында «Рәміздерім – мақтанышым!» мерекелік іс-шарасы өткізілді.

Мемлекеттік рәміздерімізді ұлықтауға арналған салтанатты іс-шараға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Балаларды ерте дамыту институты», Білім басқармасы өкілдері, педагогтер, ата-аналар, қонақтар, әлеуметтік серіктестер және 200-ден аса мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеленушілері қатысты.

Балабақша тәрбиеленушілері мемлекеттік рәміздерімізді – Әнұран, Елтаңба, Туды ұлықтап, түрлі-түсті бояу арқылы сүйіспеншілігін жеткізсе, ұлттық нақышта, аспанкөк түсті киінген жұлдыздай жарқыраған өрендер ашық аспан астында би билеп, тақпақ айтып, ән шырқап, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Жиынға қатысқан педагогтар, тәрбиеленушілер, ата-аналар, қала тұрғындары Тәуелсіздіктің қасиетті рәміздерін де ерекше қадірлеп, қастерлеп, қадірін түсіну керектігін айтты. Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет.

Салтанатты іс-шарадағы елордалық білім алушылардың өнері, білімі мерекенің шырайын ашып, патриоттық рухымызды асқақтата түсті.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *