«Мен Туризмдегі кәсіпқоймын» қалалық байқауы өтті

2024 жылғы 29 мамырда Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ТжКББ бөлімінің жоспарына сәйкес Астана қаласы әкімдігінің «Astana Polytechnic» Жоғары колледжі» ШЖҚ МКК базасында студенттердің кәсіби шеберлігінің «Мен Туризмдегі кәсіпқоймын» қалалық байқауы өтті.

Байқауға Астана қаласының білім беру мекемелерінде туризм және қонақжайлылық саласында техникалық және кәсіптік білім беру мамандарын даярлау бағдарламалары бойынша оқитын 2-4 курс студенттері қатысты.

Астана қаласының білім беру мекемелерінен барлығы 6 команда қатысты: Астана қаласы әкімдігінің «ASTANA POLYTECHNIC жоғары колледжі ШЖҚ МКК, «Еуразиялық гуманитарлық институттың жоғары колледжі» мекемесі, «Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ колледжі, «Мағжан Жұмабаев атындағы халықаралық колледжі» ЖШС, «Қ.Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ колледжі, «Сервис және туризм колледжі» ШЖҚ МКК.

Байқау офлайн форматта өткізілді. Байқау сынақтары келесі тапсырмаларды қамтыды:

  • «Қазақстан бойынша виртуалды тур»;
  • «Астана қаласының экскурсиялық нысандары» викторинасы;
  • «Туризм индустриясындағы полиглот»;
  • «Музыкалық саяхат».

Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы келесі жеңімпаздар мен жүлдегерлер командаларын анықтады:

1. «ASTANA POLYTECHNIC» жоғары колледжi» ШЖҚ МКК – 1 орын

2. Еуразия гуманитарлық институтының жоғары колледжі – 2 орын

3. «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ колледжі – 3 орын

4. Мағжан Жұмабаев халықаралық жоғары колледжі – Сертификат

5. «Қ.Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ колледжі – Сертификат

6. «Сервис және туризм колледжі» ШЖҚ МКК – Сертификат

Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК дипломдарымен марапатталды.

Колледждің әлеуметтік серіктестері – жұмыс берушілер мен Астана қаласының туристік индустриясының өкілдері байқау қатысушыларына құнды жүлделер ұсынды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған