Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ұйымдастыруымен жалпы білім беру ұйымдарының кітапханашыларының шығармашылық тобының кезекті отырысы өтті.
Отырыс барысында шығармашылық топтың жұмыс есебі талданды. Сондай-ақ, оқу жылында іске асқан жобаларға шолу жүргізіліп, «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында ағымдағы іс-шаралардың жетістіктері қаралды. Қатысушылар жобаның нәтижесін атап өтіп, олардың одан әрі дамыту жолдарын талқылады.
Шығармашылық топ белсенді түрде бір-бірімен пікір алмасып, сұрақтар қойып, өз идеяларын ұсынды. Қатысушылар одан әрі бірлесіп жұмыс істеуге және жаңа жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін көрсетті.