2024 жылдың 28 мамыр күні Мектепке дейінгі ұйымдарда жазғы сауықтыру кезеңін ұйымдастыру бойынша вебинар өтті.
Вебинарда жазғы сауықтыру кезеңінде мектеп жасына дейінгі балалармен жұмысты ұйымдастыруда әдістемелік көмек көрсетуге бағытталған әдістемелік ұсынымдар таныстырылды.
Вебинар барысында келесі аспектілер қарастырылды:
– жазда балалардың салауатты өмір салтын және белсенді демалысын ұйымдастыру;
– денсаулық сақтау және дамыту іс-шараларының бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;
– балалардың физикалық және психологиялық дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау;
– жазғы бағдарламаларда табиғат ресурстарын пайдалану және экологиялық білім беру;
– жазғы сауықтыру кезеңін ұйымдастыруда ата-аналармен ынтымақтастық.
Вебинарға 200- ден аса мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қатысты