2024 жылдың 23 мамыр күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» ұйымдастыруымен «Ұлттық құндылықтар негізінде музыка пәнін оқыту: теория мен тәжірибе» атты қалалық онлайн семинар өткізілді. Іс-шараның мақсаты музыка пәні сабағында ұлттық құндылықтар негізінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру тәжірибесімен бөлісу.
Әдістемелік орталықтың әдіскері Каракеева З.К. семинар мақсатымен таныстырып, тәжірибесімен бөлісетін педагогтердің еңбектері туралы айтып өтті.
Өз тәжірибесімен бөліскен музыка пәнінің ұстаздары: Астана қаласы №31 мектеп-гимназиясының музыка пәні мұғалімі Шабкенова Самал Жамалиевна «Музыкадағы этнопедагогика – қазақ баласы мәдениеті дамуынадағы маңызы», Ә. Ермеков атындағы №38 мектеп лицей музыка пәні мұғалімі Муканов Бакыт Тулкибаевич «Музыка cабағында оқушыларды қалай ынталандыруға және олардың қызығушылығын арттыруға болады», Смағұл Сәдуақасұлы ұлы атындағы №78 мектеп-гимназиясының музыка пәні мұғалімі Кикимов Дәулеткерей Аблахатұлы «Домбыра үні-ұлт үні», № 70 мектеп-лицейінің музыка пәні мұғалімі Мустафина Асыл Мауленовна «Ойын элементтері арқылы музыка пәніне деген қызығушылықтарын арттыру”, А.Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп –лицейінің музыка пәні мұғалімі. Мауленов Сакен Сейтович «Музыка пәнінің негізгі сипаты» тақырыбында музыка пәні педагогтерімен өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Семинар соңында Әдістемелік орталықтың әдіскері З.Курманбековна іс-шараны қорытындылады. Қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, кері байланыс берді. Қала мектептерінен 56 мұғалім қатысты.