2024 жылдың 23 мамыр күні Астана қаласы «Әдістемелік орталығында» іс-әрекеттегі зерттеу (Action Research) жүргізу арқылы қала мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті пәні пәндерінің білім сапасын арттыру мақсатында «Өзгерістерден ізденістерге дейін» Назарбаев зияткерлік мектебімен тәжірибе алмасу жұмыс алаңының қорытынды отырысы болып өтті.
Шығармашылық топтың жұмысын ұйымдастырушы, әдіскер Жанар Маман бір жыл бойы атқарылған жұмыстың барысы, зерттеудегі кедергілер мен жетістіктер туралы кері байланыс беріп, алдағы уақытқа бірлесіп ұсыныстар жасалды.
Оқу жылының басында сабақта кездесетін проблемалар бойынша сауалнама алынғанда, «Әдеби сын» жазудан оқушы мен мұғалімнің мұқтаж екенін сауалнама есебінен көрінді. Сол себептен осы қазақ әдебиетіндегі «Әдеби сын» бағыты бойынша жұмыс басталып, жыл бойы НЗМ мектептерінің сабағына қатыстық, ментор Салтанат Меңдибаеваның дәрістермен, қолдауымен іс-әрекеттегі зерттеулер басталып, осы бөлімнің нұсқаулығы, тапсырмалары, теориясы мен қысқа мерзімді жоспары дайындалды. Жұмыс оқыту мақсаттарының сандық ретімен жүргізілді.
Төменде берілген зерттеу тақырыптары бойынша топ мүшелері жұмыстардың нәтижесін топта талқылап, келер жылға жұмыс жоспарын жоспарлады:
- 5-сынып – оқырманның рухани дүниесіне шығарма әсерін талдай отырып, сыни хабарлама жазу. Кайрова Н. (№66 МЛ);
- 6-сынып-шығармада көтерілген мәселенің әлеуметтік рөлі туралы сыни хабарлама жасау. Даривхан Н. (93МЛ);
- 7-сынып- әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазу. Муса А. (№40 МЛ);
- 8-сынып– шығарма бойынша жазылған әдеби сын-пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазу. Төлеубаева С. (№86 МГ);
- 9-сынып – әдеби шығарманы қазақ әдебиеті мен әлем әдебиеті үлгілері
мен салыстыра талдап, шағын сын мақала жазу. Махмутова Г. (№51 МЛ); - 10-сынып – ғылыми еңбектерге сүйене отырып, әдеби сын жазу. Ондыбаева А. (№64МЛ);
- 11-сынып- шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын жазу. Қарамурзина М. (БИЛ қыздар).