ITLS World көмегімен болашақ тренажерлер

2024 жылғы 22 мамырда «ITLS – интерактивті тапсырмалардың білім беру сервисі» жобасы аясында Талғат Бигелдинов атындағы №1 мектеп-лицейінде «ITLS World – болашақ тренажерлері» қалалық байқауы «Logitex» ЖШС әлеуметтік серіктесімен бірлесіп  өткізілді.

Мақсаты: білім беру тренажерларын құруда оқушылардың қызығушылығын ояту, мультимедиялық контент дайындауда шығармашылық дағдыларын дамыту.

Байқау білім беру технологиялары саласындағы инновациялық және тиімді шешімдерді іздеуге және қолдауға бағытталған. Байқаудың 1-кезеңіне  №№1, 8, 46, 47 мектептері оқушыларының жұмыстары қабылданды, 2-ші финалдық кезеңге №№ 46, 47 мектеп оқушыларының 11 жұмысы өтті.

«ITLS World – болашақ тренажерлері» қалалық байқау жеңімпаздары анықталды.

«Logitex» ЖШС әлеуметтік серіктесі жоба жетекшісі Антон Николаевич Скрамовский конкурс жеңімпаздарын сертификатпен және бағалы сыйлықтармен марапаттады:

1 орынды География пәнінен «Қазақстан Республикасының Әкімшілік-аумақтық бөлінісі» тақырыбында №46 балабақша-мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушылары Билялова Анель мен Кайл Екатерина иеленіп, планшетпен смарт-сағаттары тарту етілді;

2 орынды «Физика» пәнінен «Электр қуаты» тақырыбында №46 балабақша-мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы Урих Родион мен «Биология» пәнінен «Вирустар мен бактериялар» тақырыбында №47 балабақша-мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушысы Пяк Яромир иеленіп, смарт-сағат тарту етілді;

3 орынды «Тарих» пәнінен «Уақыт саяхаты» тақырыбында «Томирис», №47 балабақша-мектеп-гимназиясының 5-сынып оқушысы Алина Абжанова, «Биология» пәнінен «Жүректің құрылысы мен қызметі» тақырыбында №46 балабақша-мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Исакова Ромина мен, «Орыс тілі» пәнінен «Септік» тақырыбында №47 балабақша-мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушысы София Коляда иеленді. Олар USB флэш-дискілері сыйға берді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *