Ерекше білім беру қажеттілігі бар тәрбиеленушілердің коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастырудағы белсенді әдістер мен тәсілдер

2024 жылғы 21 мамырда Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК әдіскері №17 «Ер-Төстік» балабақшасының мамандарымен бірлесіп мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері үшін «Ерекше білім беру қажеттілігі бар тәрбиеленушілердің коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастырудағы белсенді әдістер мен тәсілдер» тақырыбында эксперименттік алаңның жабылу қорытындысы бойынша қалалық семинар өтті.

Семинар барысында «Кинезологиялық жаттығулар», «В.Воскобивечтің дамытушы ойындары», «Құмырсқа мен шегіртке» қойылымы, тақырыбында балабақша  педагогтеріне  жан-жақты әдіс-тәсілдерді қолдана отырып ашық ұйымдастырылған іс-әрекеттер көрсетілді.

Семинар соңында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері іс-шарадан алған әсерлерімен бөлісті, кері байланыс берді.

Аталған іс-шараға мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 20-ға жуық педагогтары қатысты.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *