2024 жылғы 23 мамыр күні Астана қаласының «Әдістемелік орталығы» МКҚК ұйымдастыруымен «Білім беру ұйымдарының үздік сайты – 2024» атты қалалық байқауының марапаттау рәсімі өтті.
Байқаудың мақсаты – білім беру жүйесі туралы ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ететін үздік интернет-ресурстарды (сайттарды) анықтау.
Ұйымдастырылып отырған бұл байқауға Астана қаласының Білім беру ұйымдарынан 38 өтінім келіп түсті.
«Білім беру ұйымдарының үздік сайты – 2024» байқауының қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтады:
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары бойынша:
І орын – №98 «Мирас» балабақшасы (жауапты маман Арнаханқызы Ж.);
ІІ орын – №6 «Көктем» балабақшасы (жауапты маман Темірбекова А.М.);
ІІІ орын – №86 «Зияткер» балабақшасы (жауапты маман Исахова Ж.С.);
ІІІ орын – №80 «Ботақан» балабақшасы (жауапты маман Тлеубергенова Н.Е.).
Орта білім беру ұйымдары бойынша:
І орын – Смағұл Сәдуақасұлы атындағы №78 мектеп-гимназиясы (жауапты маман Мырзахметов Д.Б.);
ІІ орын – №46 балабақша мектеп-гимназиясы (жауапты маман Машрапов А.Ж.);
ІІІ орын – Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясы (жауапты маман Касымов Б.С.);
ІІІ орын – №93 мектеп-лицейі (жауапты маман Имангалиева Ж.А.).
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары бойынша:
І орын – Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі (жауапты маман Мырзабекова Ж.Ж.);
ІІ орын – Кәсіптік-техникалық колледжі (жауапты маман Отегенов Б.);
ІІІ орын – Медициналық-техникалық колледжі (жауапты маман Оразтаева Р.Б.).
Қосымша білім беру ұйымдары бойынша:
І орын – Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайы (жауапты маман Габдулин Р.Н.);
ІІ орын – №1 «Балалар» музыка мектебi (жауапты маман Усов И.Н.).
Арнайы білім беру ұйымдары бойынша:
І орын – №4 Психологиялық медициналық педагогикалық консультациясы (жауапты маман Андреева Е.А.);
ІІ орын – №1 Психологиялық педагогикалық түзеу кабинеті (жауапты мамандары Бектурганова Д.Ш., Айтенова А.Е.) бағалы сыйлықтар және дипломдармен марапатталды. Барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.