2024 жылдың 22 мамыр күні Астаналық білім беру ұйымдарының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне әдіскер Жанар Сейтахметтің ұйымдастыруымен «Қ. Бітібаева әдістемесі» қалалық шығармашылық топ мүшелері «Қанипа Бітібаеваның «Ой тастау, ойланту, ойлау» технологиясы: қазақ әдебиетін оқыту мәселелері»қалалық практикалық семинарын өткізді.
Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда Қ.О. Бітібаеваның әдістемесіне, «Ой тастау, ойланту, ойлау» технологиясына талдау жасап, жүйелеу, ұстаздың озық әдістемесін қолданыстағы оқу бағдарламасымен сабақтастықта тәжірибеде қолдану әдістемесімен бөлісу семинарында «Қ. Бітібаева технологиясы бойынша Жыраулар шығармашылығын оқытудағы мәтінмен жұмыс» тақырыбы бойынша №59 МЛ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жакишева Мейрамгүл Кенжегалиевна, №78МГ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Көки Жұлдыз, «Ой тастау, ойланту, ойлау» технологиясы-білімді шығармашылық деңгейге көтерудің тиімді тәсілі» тақырыбы бойынша «Қ. Бітібаева технологиясы негізінде әдеби эссе жазудың тиімділігі» тақырыбы бойынша №67 МГ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сыздыкова Даржан Жумагазиевна, №93 МЛ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Даривханқызы Нургул, «Қ. Бітібаева технологиясы бойынша көркем шығармаларды оқытуда қолданатын тапсырмалар жүйесін талдау» тақырыбы бойынша №30 МГ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Абилдаева Гулфира Жанабековна, №95 МЛ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Оразалина Алима Амиртаевна, «Оқушының шығармашылық деңгейі мен ойлауын дамытуда Қанипа Омарғалиқызы Бітібаеваның «Ой тастау, ойланту, ойлау» технологиясының тиімділігі» тақырыбында №52 МЛ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қабдеш Гүлнұр, №85 МЛ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Амангелдинова Айгуль Кабдешовна өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Қазақтың ұлағатты ұстаз технологияларын қолданушы ұстаздар мен шәкірттері Курманбаева Шынар Қапантайқызы – педагогика ғылымдарының докторы, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ қазақ тіл білімі кафедрасының профессоры, Есімхан Роза – «Астана дарыны» жастарды қолдау орталығының әдіскері қатысты. Семинар теориялық және практикалық екі бөлімнен құралды.
Ұйымдастырушылар: Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК, «Бітібаева әдістемесі» шығармашылық топ мүшелері.