2024 жылғы 14 мамыр күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК «Оқушыларды сапалы оқыту мақсатында математика, физика, информатика сабақтарында заманауи технологияларды қолдану» тақырыбында №95 мектеп-лицейінде физика математика және информатика пәндері мұғалімдеріне арналған қалалық семинар өтті.
Семинар барысында спикерлер өз іс- тәжірибелерімен бөлісті.
Семинарға қаламыздың бір қатар мектептерінен мұғалімдер қатысты.
Іс-шара барысында физика, математика пәндері бойынша ашық сабақтар және информатика пәні бойынша жаңа ақпараттық технологиялық бағдарламалар негізінде мұғалімдерге арнайы бағдарлама негізінде электронды оқулық құрастыру, оқытуға арналған онлайн – платформалармен жұмыс істеуге бағытталған шебер сыныптар өткізілді.
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жасау бойынша өздерінің ерекше, тиімді тәсілдерімен бөлісті. Оқушылармен экспериментті тапсырмалар өткізуде саралауды шеберлікпен қолдану мүмкіндіктерін көрсете алды. Дарынды оқушыарды, ерекше білімді қажет ететін оқушыларға қолдау көрсету де назардан тыс қалған жоқ. Семинарға қатысқан пән мұғалімдері көрсетілген материалдар мазмұны өте құнды болғанын айтып, өздеріне қажетті тұстарын атап өтті.
Семинар соңында қала педагогтері спикерлермен ой бөлісіп, іс-шараны қорытындылау SCAFFOLD карталарын қоданып, кері байланыс жүргізілді.