«Дені сау балалар планетаға көмектеседі. Біз өз бақшамызды өсіреміз» бірегей экологиялық бастамасы

2024 жылдың наурыз-мамыр айлары аралығында «Салауатты тамақтану мектебі» жобасы  аясында «Дені сау балалар планетаға көмектеседі. Біз өз бақшамызды өсіреміз» республикалық байқау өткізілді. Байқау барысында оқушылар мен мұғалімдер бірге макулатура жинап, оны қайта өңдеу пункттеріне тапсырды. Қатысушылар тапсырылған шикізат туралы ақпаратты байқаудың цифрлық платформасына орналастырды. Әр 30 килограмм макулатура сайтта «цифрлық ағаштарға» айналды. Осылайша, оқушылар
200-ден астам ағаш құтқарды.  Байқауға Астана қаласының 3 мектебі қатысты. Олар бірге 2,5 тоннаға жуық макулатура жинады.

2024 жылдың 20-21 мамыр күндері «Дені сау балалар планетаға көмектеседі. Біз өз бақшамызды өсіреміз» республикалық байқауының қорытындысы ретінде Астана қаласының №№44, 4, 52 мектептерінің базасында бірегей экологиялық бастама өтті.

Макулатураны ең көп жинаған №44 орта мектеп байқаудың жеңімпазы атанды және мектеп аумағында 30 емен ағашын отырғызу мүмкіндігіне ие болды. Ал №№4, 52 мектептердің белсенді қатысушыларына мектеп аумағына өз бақшасын отырғызу үшін 10 емен ағашы табысталды.

Емен ағаштарын отырғызуға Астана қаласының №4, 44, 52 мектептерінің 1-2-сынып оқушылары, педагогтері  және ата-аналары қатысты.

Бастама Астана қаласында 2017 жылдан бастап жүзеге асырылып келе жатқан «Салауатты тамақтану мектебі» білім беру бағдарламасы аясында және Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығы мен «Нестле-ФУД-Қазақстан» қолдауымен өтуде. Ағымдағы оқу жылында бағдарламаның мазмұнына табиғатты аялауға бағытталған экологиялық модуль енгізілген.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *