2024 жылдың 17 мамыр күні №5 гимназияда «ОҚУ TIME» жобасы аясында кезекті Оқырмандар конференциясы өтті. Бүгінгі іс-шараның ерекшелігі – «Әйел бақыты» шығармасының авторы Камал Әлпейісовамен кездесу. Астана қаласындағы оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері, шығарманы егжей-тегжейлі талдады.
«Біз ойнаймыз» Интерпретациялық сұрақтар бойынша пантомиманы қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімдері А. Жырғау, А.Сейтжанова, А. Демирташ көрсетті. Мектеп психологі Я.В. Лоюк «Білім беру ортасындағы жасөспірімдердің бір жынысты махаббаты: мұғалімдердің тап болатын қиындықтары» тақырыбында психологиялық тренининг өткізді.
«Айтылмаған әңгіме» немесе жүрегінде жырлары жасырынған ақын, ғалым, жазушы, сирек мамандық иесі – орысша/қазақша және керісінше ілеспе аударма жасайтын және сол салада диссертация қорғаған тұңғыш қазақ қызы Камал Әбілқасымқызы Әлпейісова оқырман ұстаздардың сұрақтарына жауап беріп, емен-жарқын сұхбаттасты.
Алдағы уақытта мұғалімдерден Камал Әбілқасымқызына «Оқырмандар клубын» құру туралы ұсыныс түсті. Іс-шараға автордың сыныптасы, зейнеткер ұстаз Тойындық Әбусағитова келіп, жүрекжарды тілектерін айтты. Оқырман ұстаздарға Камал Әлпейісовамен жүздесу ерекше көңіл күй сыйлады. Алдағы уақытта автормен шығармашылық байланысты дамытпақпыз.