Музыка жетекшілеріне арналған дөңгелек үстел өтті.

Бүгін №58 «Өркен» балабақша базасында Астана қаласы Әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының музыка жетекшілеріне арналған «Балабақшадағы мерекелер мен ойын сауықты ұйымдастырудың жаңа тәсілдері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

№15 «Дарын» балабақшасының музыка жетекшісі Альжанова Тумар Сериковна «Мектепке дейінгі балаларды дамыту мен тәрбиелеудегі заманауи педагогтың рөлі» тақырыбында баяндама оқыды. Заманауи педагог балалардың даму процесіне белсенді қатысуына, олардың шығармашылық қабілеттері мен сыни ойлауын дамытуға ықпал ететін жағдайлар жасау туралы айтты. Оған дамуды қызықты және тартымды ететін әртүрлі оқыту базаларын, ойын технологияларын көрсетіп, жобалық жұмыстарды және баска да инновациялық тәсілдер туралы баяндап берді.

№78 «Асыл» балабақшасының музыка жетекшісі Махатова Сауле Женисовна «Көңілді оркестр ойыны» тақырыбында баяндама оқып, музыка іс әрекетінде балаларды қызықтыру мақсатында қолдан жасалған түрлі бұйымдарын көрсетіп, оларды күнделікті қалай қолданатынын айтты. Құралдардан жасаған музыкалық ойындарын жиналған музыка жетекшілермен бірге оркестр ойнап көрсетті.

№33 «Алтын дән» балабақшасының музыка жетекшісі Мурашбекова Гульбахыт Сафановна ЕББ бар балалармен жұмыста музыкалық сабақтарда музыкалық-дидактикалық ойындарды қолдану бойынша жұмыс тәжірибесін игеру бойынша міндеттерін айтып, белсенді педагогикалық қарым-қатынас процесінде педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру жөнінде айтты.

№59 «Аққанат» балабақшасының музыка жетекшісі Жумабай Бибигуль «Музыкалық ойындар арқылы балалардың музыкаға деген қызығушылықтарын арттыру» тақырыбында баяндама оқыды. Абай атамыздың «Әннің де естісі бар, есері бар» дегендей, музыка – адамның жан серігі, қуанғанда бой сергітіп жігер қосар жайсаң жанр деп бастады. Музыканың адам өміріндегі мәні ерекше. Музыкаға деген сүйіспеншілік, баланың музыкаға жетік болу қабілеттері туа бітпейді, ол өсу, даму процесінде қалыптасатын жайлы айтып түсіндірді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *