ИНКЛЮЗИВТІ ЖӘНЕ АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУ АСПЕКТІЛЕРІ: САБАҚТАСТЫҚ ПЕН МҮМКІНДІКТЕР

2024 жылғы 16-17 мамыр күндеріАстана қаласының Білім  басқармасы және Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «ИНКЛЮЗИВТІ ЖӘНЕ АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУ АСПЕКТІЛЕРІ: САБАҚТАСТЫҚ ПЕН МҮМКІНДІКТЕР» тақырыбындаөкен конференция аясында Астана қаласы әкімдігінің №1 педагогикалық-психологиялық түзету кабинеті,№2 арнайы мектеп және №65 мектеп-гимназиясында практикалық бөлімі өтті.

Іс-шара барысында №2 Арнайы мектептіңпедагогтерінің тәжірибе алмасуына бағытталған «Педагогикалық тәжірибені диссеминациялау эксперименттік алаңы» тақырыбында арнайы педагогтер өздерінің озық іс-тәжірибелерімен бөлісті.

1-модульде «№2 арнайы мектеп» КММ-де SHARE халықаралық жобасын енгізу бойынша тәжірибе материалдарын қамтыды :

– «Арнайы мектеп оқушыларының сабақ және сабақтан тыс уақытта қатысу белсенділігі» тақырыбында теориялық бөлім;

– «Action Research» зерттеу практикасын іс-әрекетке енгізу бойынша практикалық бөлімі;

2-модульде  өңірлерден келген педагогтердің эксперименттік алаңдары туралы іс тәжірибелерін ортаға салды.

          Сонымен қатар, «Түзету-дамыту жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында заманауи білім беру технологияларын пайдалану» тақырыбында №1 ППТК педагогтері өз іс-тәжірибелерінен шебер-сыныптар көрсетті.

№65 мектеп-гимназиясында «Ерекше баланың әлеуметтенуіндегі түзету-даму жұмыстарының ролі», «Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы сыныптардағы оқу-тәрбие процесі»,  «Ерекше балаларды жалпы білім беру процесіне қосу бойынша мектептің тәжірибесі: проблемалар мен шешу жолдары», «Life Skills» жобасы арқылы ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларды әлеуметтендірудегі жетістіктер», «ТжКБ ұйымдарында инклюзивті білім беруді дамытудың заманауи шарттары» тақырыптарында баяндамалар жасалып, арнайы педагогтер мен арнайы сыныпта оқитын есту қабілеті бұзылған балалармен жұмыс жасайтын педагогтер шебер-сыныптар көрсетіп, озық іс-тәжірибесімен бөлісті.

Іс-шара соңында қатысушылар жақсы көзқарастары мен оң пікірлерін қалдырды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған