Аттестаттаудан өтетін педагогтерге әдістемелік көмек көрсетілді

Астана қаласы Әдістемелік орталығының мектепке дейінгі білім беру бөлімінің әдіскерлері Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 2 сәуіріндегі №72 бұйрығымен бекітілген педагогтерді аттестаттау қағидалары мен шарттарына сәйкес ағымдағы жылы аттестаттаудан өтетін мектепке дейінгі ұйымд педагогтерінің ұйымдастырылған іс-әрекеттеріне қатысып, портфолио материалдарын алдын ала қарау жұмыстарын жүргізді. Бұл процесс педагогтердің белгіленген стандарттар мен талаптарға сай екендігіне көз жеткізуге көмектеседі.

2024 жылдың 16 мамырындағы жағдай бойынша 100 – ден аса педагог-сарапшы мен педагог-зерттеушілердің іс-әрекеттеріне қатысып, әдістемелік көмек көрсетілді.

Әдістемелік қолдау көрсету шарасы аттестаттау аяқталғанға дейін жалғасын табады.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *