Құқық, денсаулық, ақпараттандыру және коммуникация — қазіргі әлемнің тұрақты дамуына бағдарлар

2024 жылдың 14 мамырында Жоғары көлік және коммуникация колледжінің базасында Астана қаласының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған «Құқық, денсаулық, ақпараттандыру және коммуникация — қазіргі әлемнің тұрақты дамуына бағдарлар»  әлеуметтік идеялар мен жобалар қалалық байқауы өткізілді.

Байқауды өткізу мақсаты – құқықтық мәдениет, денсаулық үшін ортақ жауапкершілік және ЕБҚ бар адамдарды бейімдеу, ақпараттық сауаттылық, көлік-коммуникациялық инфрақұрылым сияқты әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуді ұсынатын үздік идеялар мен жобаларды анықтау және танымал ету.

Байқаудың қазылар алқасына Астана қаласы кәсіпкерлер Палатасы, Астана қаласы бойынша Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы, «Қазақстан темір жолдары» ЖШС, Астана қаласы әкімдігінің «№3 қалалық емхана» ШЖҚ МКК, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ,  «Құқық» қоғамдық қоры, «Астана медицина университеті» КеАҚ өкілдері шақырылды.

Байқау үш кезеңмен өткізілді. I кезеңде байқау өтінімдерінің белгіленген талаптарға сәйкестігіне қатысты бастапқы іріктеу жұмысы жүргізілді.  II кезеңде байқаудың қазылар алқасы ұсынылған жобаларды бағалап, үздік 20 жобаны іріктеп алды. ІІ кезең қорытындысының хаттамасы әдістемелік орталық /https://astana-modern.edu.kz/ және колледж сайтында /https://ctranscom.kz/ орналастырылды.

Әлеуметтік идеялар мен жобалар байқауының III кезеңінде қазылар алқасы үздік 20 жұмыс арасынан 4 (төрт) бағыт бойынша 3 (үш) үздік жұмысты анықтады.

 «Құқықтық құзыреттер: сыйластық мәдениеті және заңдылықты сақтау» бағыты бойынша келесі қатысушылар марапатталды:

 І  Дәрежелі дипломмен  –  Мылтыкбаева Жаннат Толеубековна, Астана қаласы әкімдігінің «Жоғары көлік және коммуникация колледжі» ШЖҚ МКК

ІІ Дәрежелі дипломмен – Муканова Арай Кабдоллаевна, Астана қаласы әкімдігінің «Жоғары көлік және коммуникация колледжі» ШЖҚ МКК

ІІІ Дәрежелі дипломмен – Закарьянова Алина Эркблановна, «Astana IT Universitу» ЖШС колледжі

«Денсаулық және әлеуметтік бейімделу: білім беру қызметтеріне қолжетімділікті жақсарту» бағыты бойынша  марапатталды:

І  Дәрежелі дипломмен   –  Әлібек Ақжұлдыз Сағидуллақызы, «Шипагер» медициналық колледжі мекемесі,

ІІ Дәрежелі дипломмен   –  Шетенова Ермек Нуржауаровна, «Астана ПРОФИ» қалалық шаруашылық колледжі,

ІІІ Дәрежелі дипломмен  – Тургамбаева Гульмира Сабыржановна, «Менеджмент, бизнес және білім беру колледжі» ЖШС

«Халықты ақпараттандыру: цифрландыру жұмысының үздік стратегиялары» бағыты бойынша  марапатталды:

І  Дәрежелі дипломмен   –  Абдрахманова Жанна Есимбековна, Астана қаласы әкімдігінің «ASTANA POLYTECHNIC  жоғары колледжі ШЖҚ МКК,

ІІ Дәрежелі дипломмен   –  Сариева Айгуль Манасбековна, «Astana IT Universitу» ЖШС колледжі

ІІІ Дәрежелі дипломмен  – Бабаева Шолпан Мухамедиевна, Астана қаласы әкімдігінің «Жоғары көлік және коммуникация колледжі» ШЖҚ МКК

«Халыққа арналған коммуникациялар: көлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жаңғырту және кеңейту» бағыты бойынша  марапатталды:

І  Дәрежелі дипломмен   –  Матвеева Лариса Ивановна, Астана қаласы әкімдігінің «Жоғары көлік және коммуникация колледжі» ШЖҚ МКК

ІІ Дәрежелі дипломмен   –  Дүйсенова Гүлдана Анықбайқызы, Астана қаласы әкімдігінің «Жоғары көлік және коммуникация колледжі» ШЖҚ МКК

ІІІ Дәрежелі дипломмен  – Сырымбетова Гульжайна Сабирдиновна, Астана қаласы әкімдігінің «Жоғары көлік және коммуникация колледжі» ШЖҚ МКК.

Байқау қорытындысы бойынша «Үздік әлеуметтік ұсыныс» (Ерғали Ақерке Әмірбекқызы, Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі), «Үздік инновациялық жоба»  (Кенжебеков Жамбыл Аралбекович,  Астана қаласы әкімдігінің «Жоғары көлік және коммуникация колледжі» ШЖҚ МКК)  қосымша номинациялары бойынша дипломдарымен марапатталды. Байқауға  қатысушылардың барлығына  сертификаттар берілді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған