Үздік заманауи сабақ

Астана қаласы, Әдістемелік орталықтың жұмыс жоспарына сәйкес 2024 жылғы 3 мамыр күні Астана қаласының №50 мектеп-лицей базасында «Үздік заманауи сабақ» қалалық байқауының қорытынды кезеңі болды. Байқауға Астана қаласы білім беру ұйымдарының химия және биология пәндері мұғалімдері қатысты. Байқаудың қорытынды кезеңіне, 1 кезең бойынша жоғары ұпай жинаған 7 мұғалім қатысты.

Байқаудың ережесіне сай 7 мұғалім №50 мектеп-лицейі базасында 7,8,9,10 сынып оқушыларына сабақ берді.

Сайыстың қорытындысы бойынша:

I-орын Ы.Алтынсарин атындағы «Binom school» мектеп-лицейінің химия пәні мұғалімі Қоянбаева Шолпан Умурхановна,

II-орын №91 мектеп-гимназиясының биология пәні мұғалімі Бауыржан Айгерим,

III-орын №86 мектеп-гимназиясының биология пәні мұғалімі Наганова Назгул Сайлаубаевна, №85 мектеп-лицейінің биология пәні мұғалімі Өтеген Айгул Бакытжанқызы иеленді. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар тапсырылды.

Қалған байқауға қатысушыларға байқауға қатысып белсенділік танытқаны үшін Әдістемелік орталық атынан алғыс хаттар және сертификаттармен марапатталды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған