2024 жылғы 3 мамыр күні № 11 мектеп-лицей базасында Әдістемелік орталықтың психологиялық сүйемелдеу бөлімінің ұйымдастыруымен «Тәуекел тобындағы» балаларды сүйемелдеу ерекшеліктері» тақырыбында семинар өтті. Елорда мектептерінен 151 педагог – психолог қатысты.
Семинарда «тәуекел топбы» контингентіндегі әрбір оқушыны психологиялық қолдаудың түрлері талқыланды, сондай-ақ жазғы демалыс уақытында балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу бойынша мектеп психологтарына ұсыныстар берілді.
Семинар интерактивті режимде өтті, мектеп психологтары өздерінің сұрақтарын қоюға және оларға жауап алуға жақсы мүмкіндігі болды.
Әдіскерлер жазғы демалыс кезінде ата-аналардың психологиялық-консультациялық көмек көрсету кабинеттерінен кеңестер алу мүмкіндігі туралы ақпаратты жеткізудің маңыздылығын атап өтті.